Өрт сөндірушілер май қалдықтарының жануын сөндірді

1594

2023 жылғы 19 қаңтар күні сағат 15:19-да Атырау қаласы, З.Қабдолов көшесі мекенжайындағы мекемелердің бірінде орналасқан резервуарлар жанында түтін шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен соң «Petro Export» ЖШС-нің ауласында (әрқайсысы 400 текше метр) 2 резервуарда және шамамен 64 шаршы метр көлеміндегі жапсарлас бөлігінде май қалдықтарының жанғанын анықтады.

Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен және «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС барлығы 19 қызметкер мен 6 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт сағат 16:38-де оқшауланып, сағат 17:41-де сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себептері анықталуда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -