Қазақстанда 4 визит орталығы салынады

15466
Фотосурет: Depositphotos

Қазақстанда 4 визит орталығының құрылысы аяқталады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқасында министр Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиын барысында «Ордабасы», «Сауран», «Сарайшық» және «Есік» визит орталықтарының салу жұмыстарын аяқтау туралы айтылды. Визит орталықтары заманауи стандарттар бойынша құрылып, саяхаттардың бастапқы нүктесіне айналып, азаматтардың ұйымдастырылған демалысын қалыптастырады. Сонымен қатар,  Астана қаласында «Бозоқ» ұлттық паркінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Алматыда Орталық мемлекеттік архив жанынан архив қоймасын салу біздің алдымызға қойылған тағы бір маңызды міндет. Орталық мемлекеттік архив қоймасын кеңейту – тарихи-мәдени мұраның бай қабатын сақтау және оған қосылу мүмкіндігі»  Асхат Оралов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -