«Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы екі есеге жуық өсті

14553
Фотосурет: Depositphotos

«Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы екі есеге жуық өсті. Бүгінде елімізде осындай 5 ұйым бар, алайда Мәдениет және спорт министрлігі аталмыш нысандардың тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін кеңейтілген алқа отырысында министр Асхат Оралов атап өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ол биылғы жылы мәдениет саласының тартымдылығын арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілетінін айтты.

«Биылғы жылы да сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту назардан тыс қалмайды. Шығармашылық жоғары оқу орындарындағы концертмейстерлер, сондай-ақ үрмелі музыкалық аспаптарда ойнайтын мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлері, би ансамблі артистерінің әл-ауқатын көтеру жоспарланып отыр. Осы орайда, заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізу жұмыстары басталып кетті» Асхат Оралов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -