ШҚО құтқарушылары жолаушыларға көмекке келді

15433

22 қаңтарда сағат 05:40-та Зайсан ауданындағы Қаратал ауылынан 25 шақырым жерде екі көлік қар құрсауында қалып қойды, оларда 7 адам болған екен. Жолаушыларға жол талғамайтын техникамен көмекке келген 25-ӨСБ құтқарушылары Дайыр ауылына 4 адам, Зайсан қаласына 3 адамды аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет емес еді, деп хабарлайды DKNews.kz.

ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шаралары туралы еске салады.  Егер көлік қысқы жолға жабдықталмаған болса, қараңғы түскенде жолға шықпаңыз.  Егер шығу қажет болса, тамақ, ыстық сусындар мен жылы киімдерді, зарядталған ұялы телефонды алып жүруді ұмытпаңыз.  Автокөлік ауа-райына сәйкес жабдықталуы керек. Бұл тек қысқы резеңкені ғана емес, сонымен қатар жүксалғышта күрек, кабель, фонарь, алғашқы көмек жинағын алып жүруді білдіреді.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -