Қарағандыда облыстық қолөнершілер форумы өтеді

7854
Фотосурет: АР

Қарағанды Достық үйінде 29 қаңтар, жексенбі күні облыстық қолөнершілер форумы өтеді. Шеберлер өз шығармашылықтарын таныстырады, сонымен бірге бір-бірімен тәжірибе алмасады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараны өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Іскер әйелдер қауымдастығы, ҚХА Аналар кеңесі ұйымдастырды.

Қолөнершілердің бұйымдарын сататын көрме болады. Сонымен қатар шеберлік сабақтары өтеді. Форум қатысушыларына өз ісін дамыту және ілгерілету үшін пайдалануға болатын мемлекеттік бағдарламалар туралы айтылады.

Қолөнершілер форумы сағат 09:00-де басталып, 16:00-ге дейін жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -