Бокстан Тайландта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында финалға шыққан жерлесіміз Санжар Ташкенбай алтынды қанжығалады, деп хабарлайды DKNews.kz.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алтын медаль үшін жекпе-жекте жерлесіміз Өзбекстаннан келген Шодиержон Меликузиевпен кездесті. Төрешілердің ортақ шешімімен Санжар 2023 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Санжардан кейін Бангкок рингіне тағы бес қазақстандық финалист көтеріледі, олар: Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмуд Сабырхан (57 кг), Абзал Серік (67 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг) және Диас Молжігітов (75 кг).

Айта кетейік, Азия чемпионаты 27 қаңтарға дейін жалғасады.