Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар жауынгерлік даярлық, әскери білім беру және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.