Қазақстанда әйелдердегі онкопатология құрылымында жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр

1148

Жыл сайын жатыр мойны обырының 1800-ге жуық жаңа жағдайы және осы аурудан 600-ге жуық өлім тіркеледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазір әлемде жыл сайын 600 мыңнан астам жаңа ЖМО жағдайлары  анықталады және осы аурудан 340 мың адам қайтыс болады. Әлемде екі минут сайын 1 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады.

ҚР ДСМ бас штаттан тыс онкологы, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқармасының төрағасы, профессор Диляра Қайдарова айтып өткендей, ЖМО алдын алуға болатын жалғыз онкологиялық ауру болып табылады. Қатерлі ісіктің бұл түрінің себебі көп жағдайда жыныстық жолмен берілетін адам папилломавирусы (АПВ) болып табылады.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында онкогинекологтар мен гинекологтарға арналған «Жатыр мойны обырын профилактикалаудың, диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері» ақпараттық-білім беру семинары өтті.

Мамандар Қазақстандағы ЖМО проблемасын шешудің кешенді тәсілін, Қазақстандағы АПВ вакцинопрофилактикасының перспективаларын, ЖМО диагностикалаудың негізгі әдістері мен қағидаттарын және жатыр мойны обырын емдеуге дербестендірілген тәсілдерді түсіндірді.

ЖМО  - жатыр мойны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік. ЖМО  -қазақстандық әйелдерде ең көп таралған онкологиялық ауру болып саналады. ЖМО-ның ең жоғары деңгейі 40-44 жас.

«ДДҰ Стратегиясы – ЖМО-ның профлактикасы. Профилактика үш кезеңнен тұрады. Алғашқы профилактика - бұл 9-14 жас аралығындағы қыздарды АПВ-ға, яғни алғашқы жыныстық тәжірибеге дейін вакцинациялау. Қыздарды бұрын АПВ-ны жұқтырмаса, 15 жасында  да, 20 жасында да вакцинациялауға болады. Қазір бүкіл әлемде ұлдарды вакцинациялау басталды, өйткені ұлдар АПВ тасымалдаушылары болып табылады және олар қыздарға жұқтырады» Диляра Қайдарова

16 және 18 типті АПВ бүкіл әлемде ЖМО-ның кем дегенде 70%-ын құрайды, ал тағы 5 түрі жағдайлардың тағы 20%-ын құрайды. Жалпы IARC ЖМО-на байланысты 13 түрді анықтады.

ЖМО-нан басқа, АПВ вульваның, қынаптың, жыныс мүшесінің, анустың және тамақтың қатерлі ісігін тудыруы мүмкін.

АПВ вакциналары жоғары қауіпті АПВ  штамдарын жұқтыру қаупін азайтудың қауіпсіз және тиімді әдісі болып табылады.

Қайталама профилактика 30 жастан асқан әйелдерді скринингтен өткізуді қамтиды.

«Ең алдымен, бұл 16 және 18 онкогендік типтегі жоғары қауіпті АПВ бар әйелдерді сынау. Қазір біз бұл АПВ-тестілеуді скрининг шеңберінде Қазақстанның барлық әйелдері үшін қолжетімді ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. 30 жастан асқан әрбір әйел онкоцитологияға жағынды алу үшін гинекологқа немесе емханадағы тексеру бөлмесіне баруы керек. Қазақстанда бұл бағдарлама жұмыс істейді және бұл скрининг біздің қазақстандық әйелдер үшін МӘМС шеңберінде тегін» Диляра Қайдарова

Үшінші профилактика - кез-келген жастағы инвазивті обырды емдеу хирургиялық емдеуді, сәулелік терапияны, химиотерапияны және паллиативтік көмекті қамтиды. Онкологиялық ауру неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым оны емдеуге болатынын және бұл жағдайда толық емделу мүмкіндігі жоғары болатынын айта кеткен жөн.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -