Елімізде психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес кабинеттерінің саны 92-ге жетті

1638
Фотосурет: gov.kz

Қазақстанда 92 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК) кабинеті жұмыс істейді. Бұл туралы «Желіге шолу» айдарында Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің басқарма басшысы Ардақ Айтжанова мәлімдеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

@Эльмира_Кабжанова есімді оқырмен әлеуметтік желіде: «Қазақстанда қанша ПМПК кабинеті жұмыс істейді?», - деген сұрақ қалдырыпты.

«Елімізде 460-тан астам арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Атап айтқанда 44 арнайы балабақша, 99 арнайы мектеп, 208 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 92 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК), 14 оңалту орталығы, 10 autism-орталығы бар. Бұдан бөлек, мектептерде 640-тан астам инклюзияны қолдау кабинеті мен 1 600-ден астам логопедиялық пункт қызмет көрсетеді» Орта білім комитетінің басқарма басшысы Ардақ Айтжанова

ПМПК, түзеу кабинеттері мен оңалту орталықтарын көбейту мақсатында министрлік заңнамаға өзгерістер енгізіп, жаңа нормативті бекітті. Осының нәтижесінде ПМПК кабинетін ашуға қойылатын талап жеңілдеп, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға мемлекеттік тапсырыс тетігі енгізілді. 

«Бұған дейін 60 мың балаға бір ПМПК ашылса, енді 50 мың балаға бір ПМПК ашылады. Бұл бізге тағы 34 ПМПК ашуға мүмкіндік береді. Биыл 15 ПМПК, келесі жылы 14 ПМПК, 2025 жылы 5 ПМПК ашу жоспарланып отыр» Ардақ Айтжанова

Соңғы үш жылда жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде ПМПК саны едәуір артқанын еске сала кетейік. Елімізде 2019 жылы 71 ПМПК болса, қазіргі уақытта оның саны 21 ПМПК-ға артып, 92-ге жетіп отыр. Бұл өте маңызды көрсеткіш.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -