Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Оман Елшісімен кездесті

11693

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығының Астанадағы Елшісі Мұхаммед Әл Бахраниді қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және логистикалық салалардағы екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Министрдің Маскатқа алдағы сапарын талқылады.

М. Тілеуберді «Орталық Азия – Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесі» ынтымақтастығының диалогтық форматы шеңберінде өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -