Астанада такси жүргізушілері флешмоб өткізді

912

Елорданың жастар саясаты мәселелері басқармасы полиция департаментімен және қаланың таксопарктерімен бірлесіп, есірткінің таралуына қарсы күрес бойынша ауқымды жұмыс аясында флешмоб өткізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара «Астана – есірткісіз қала» кешенді жоспарын орындау мақсатында өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Флешмоб аясында жүргізушілер есірткі заттарының таралуына қарсы акция барысында авто көмегімен «Біз қарсымыз!» жазуын бейнеледі.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, есірткі айналымы проблемасы өзектілігін жоймай тұр, бұған есірткіге тәуелді адамдар арасында, оның ішінде автокөлік жүргізушілері арасында заң бұзушылықтардың жиілеп кеткен фактілері дәлел бола алады.

Тыйым салынған заттарды сату ісімен жолаушылар тасымалы түрінде көбіне такси жүргізушілері айналысқан. Бұл әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке тартылады және 2019 жылдан бастап 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

«Мен такси жүргізуші болып жұмыс істегеніме бірнеше жыл болды. Күндіз-түні, ауа райына қарамастан, жұмысқа шығамыз. Әріптестерім сияқты мен де түрлі клиенттерді кездестіремін. Бірақ соңғы уақытта есірткіге тәуелді жолаушылар көбейгеннен, олардың тілімен айтқанда жасырылған есірткіні шығару бойынша шақырып, бізді еріксіз қылмысқа тартып жатыр. Біз оған көз жұмып тұра алмаймыз. Сол себепті осындай жағдайларға тап болсаңыздар, үндемей полицияға хабарласыңыз. Еліміздің болашағы – жастар. Ал олардың жасап жатқаны мынау, сол себепті Отанымыздың болашағы үшін осы қайғымен бірге күресейік», - деді флешмобқа қатысушылардың бірі елорда тұрғындарына арнаған сөзінде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -