Атырау облысында Каспий теңізі жағалауында жану ошақтары табылды

1134

2023 жылғы 31 қаңтарда Атырау қаласының аумағында түтіннің иісі шығуына байланысты өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуе барлауын жүргізу үшін ТЖМ авиациясы - МИ-874 тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын комиссия мүшелері аэровизуалды тексеру бойынша жұмыс жүргізді.

Атырау облысында Каспий теңізі жағалауында жану ошақтары табылды

Каспий теңізінің жағалауында аэровизуалды тексеру нәтижелері бойынша 4 ошақ анықталды: 3 ошақ Жылыой ауданы бағытында 70 км жерде, алдын ала болжам бойынша жалпы ауданы 9 га  алаңда және 1 ошақ Исатай ауданы бағытында 200 га астам алаңда болды.

Қазіргі уақытта жергілікті жерде кірме жолдардың болуын барлау жүргізілуде.

Түнгі уақытқа байланысты өртті сөндіру ертең, яғни 1 ақпанға жоспарланған.

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Атырау облысы ТЖД жану ошақтарын сөндіру мәселелерін қарастыруда.

Бұл жердің батпақты болуына байланысты өрт сөндіру техникасының жану ошақтарына бара алмайтынын ескерген жөн. Қазіргі уақытта қозғалыс маршруты анықталуда. 

Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары қамыс өртін сөндіруге дереу жіберілетін болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -