ОКҚ алаңында «Қазақстандық отбасылар – 2022» ұлттық баяндамасы таныстырылды

728

ҚҚДИ Басқарма төрағасы Нұрбек Матжани Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қазақстандық қоғамдық даму институты дайындаған «Қазақстандық отбасылар – 2022» ұлттық баяндамасын таныстырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оның айтуынша, мұндай зерттеулер, оның ішіндегі деректер, отбасы институтында болып жатқан өзгерістер мен оларға объективті түрде берілген ғылыми сараптама әрқайсысымыз үшін маңызды. Бұған дейінгі осындай зерттеу 2020 жылы жүргізілген.  

«Баяндама мақсаты – отбасы институты саласындағы негізгі проблемалар мен трендтерді анықтау және ҚР отбасы саясатын жетілдіру үшін практикалық ұсыныстар әзірлеу. Ол негізгі 4 тараудан тұрады, олардың әрқайсысында бірнеше бөлім бар. Бірінші бөлімде ҚР отбасы саясатын жүзеге асыру процесіне талдау жасалып, оның заңнамалық және институционалдық аспектілері зерттелді. Осы тұрғыда Ұлттық баяндамаға енгізілген қиын жағдайдағы отбасыларға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған пилоттық жоба – Отбасын қолдау орталықтарының қызметіне шолу ерекше атап өткен жөн. Бұл бағыт әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды мемлекеттік-әлеуметтік қолдау мәселелерін қарастырған баяндаманың екінші бөлімінде толығырақ қамтылды. Баяндаманың үшінші бөлімі отбасылардағы ата-ана әлеуетін қалыптастыру және бала тәрбиесінің ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Ұлттық баяндаманың төртінші тарауында алғаш рет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күреске әйелдер мен отбасы институтының ықпалы туралы мәселе қарастырылған. Сондай-ақ Ұлттық баяндама аясында алғаш рет Қазақстандағы әке институты жан-жақты қарастырылды» Нұрбек Матжани 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -