Ақтөбе облысында су тасқыны қаупі бар аумақтарға аэровизуалды ұшып аралау жүргізілді

1243

2023 жылғы 31 қаңтарда Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің бастығы полковник М.Т. Аманбаев және Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қ.Б. Тұрмағамбетов «Қазгидромет» РМК қызметкерлерімен бірлесіп, су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Алға, Қарғалы және Мәртөк аудандарын, сондай-ақ Ақтөбе қаласының шеттеріне аэровизуальды ұшып аралау жүргізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ұшып аралау барысында Сазды, Тамды, Жеңішке өзендерінің су жинау бассейндері, Мәртөк ауданы Сарыжар ауылы бағытындағы еріген су ағыны арнасының басталуы, сондай-ақ, Беляевская, Петропавл бөгеттерінің жай-күйі қаралды.

«Қазгидромет» РМК мамандары қар қорын, қардың тығыздығын өлшеді. Бүгінгі күнге Сазды өзенінің бастауында қардың биіктігі 30 см, қардың тығыздығы 0,16 г/см2, Тамды өзенінде қардың биіктігі 31 см, тығыздығы 0,15 г/см2, Жіңішке өзенінде – 28 см, тығыздығы 0,18 г/см2. Бұл жағдайда жер бетінде мұз қабығының болуы байқалады, бұл өз кезегінде температураның күрт жоғарылауымен еріген су ағынының пайда болу қаупінің жоғары екендігін көрсетеді. Топырақтың қатуы 70-тен 112 см-ге дейін, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары.

Су тасқыны кезеңі басталғанға дейін қор қорын өлшеу,  бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі, бұл шұғыл қызметтерге ден қою қажеттілігін мұқият болжауға мүмкіндік береді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -