МКК Қазақстаннан пиязды әкетуге қолданыстағы тыйым салу туралы еске салды

845
Фотосурет: Pixabay

Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың 28 қаңтарынан бастап 3 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салынғанын еске салады (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 қаңтардағы №31799 бұйрығы), деп хабарлайды DKNews.kz.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Батыс Қазақстан облысында "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде (Қазақстан-Ресей шекарасы) Шымкент қаласынан және Жамбыл, Түркістан облыстарынан пиязды тасымалдаған 23 ауыр жүк автокөлік құралының шығуына жол берілмеді. Аталған автокөлік құралдарының жүргізушілеріне тыйым салынғаны туралы хабарланды.

Қазіргі уақытта пиязды жөнелтушілерге қайтару немесе оны Қазақстанның басқада облыстарына сату туралы мәселе шешілуде.

"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-5-бабына сәйкес, тауарларды әкетуге тыйым салудың сақталуына Мемлекеттік кірістер органдарымен бақылау жүзеге асырады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында мынадай тауарларды әкетуге тыйым салынғанын қосымша хабарлаймыз:

  1. Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары (2022 жылғы 2 қарашадан 2023 жылғы 1 мамырға дейін жарамды);
  2. Ағаш материалдарының жекелеген түрлері (2022 жылғы 9 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 маусымға дейін жарамды);
  3. Автомобиль көлігімен бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері (2023 жылғы 1 ақпаннан 2023 жылғы 31 шілдеге дейін жарамды);
  4. Тірі ірі қара, қой және ешкі (2022 жылдың 3 қыркүйегінен 2023 жылдың 2 наурызына дейін жарамды);
  5. Автомобиль көлігімен тас көмірдің жекелеген түрлері (2022 жылғы 26 қыркүйектен 2023 жылғы 25 наурызға дейін).
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -