Түркістан: Отырар ауданында су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды

999

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов «Қазсушар» РМК Отырар аудандық бөлімі және төтенше жағдайлар бөлімі мамандарымен бірге аймақтағы Сырдария мен Арыс өзендерінің бойындағы су басу қаупі бар орындарды аралап, Сарыкөл, Ызакөл, Көксарай, Шеңгелді, Маяқұм ауылдарындағы су қашыртқыларының жағдайымен танысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Елді мекендерге баратын «Көксарай», «Есіркеп», «Маяқұм» каналдарының құяр басындағы тоспалар мен тоғандардың жай-күйі бақылауға алынып, су тасқынының алдын алу жұмыстары пысықталды.

Қаңтар айындағы қардың қалың түсуі мен күннің күрт жылуы өзен арналарындағы ағын судың молаюына алып келеді. Аудан басшысы жауапты мамандарға су шаюы мүмкін аймақтарды анықтап, тиісті шараларды ұйымдастыруды тапсырды.

— Алдағы күндері жауын-шашын көп болады деп күтілуде. Бұл жағдайлардың барлығы өзен арналарындағы су көлемінің артуына алып келетіні белгілі. Сондықтан біз сақтық шараларын қолға алып, мол суды тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыруымыз керек. Сондай-ақ арнайы техникалар мен қажетті құрылғылар тексеріліп, жұмысқа дайын тұруы қажет, – деген аудан басшысы ауыл әкімдеріне өзен бойында орналасқан елді мекендердің тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, су өткізуге арналған ішкі арықтарға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -