Елордалық ұландықтар есінен танып қалған қызға көмектесті

681

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері патрульдеу бағытымен әскери қызмет атқару кезінде қызды асфиксиядан құтқарды, деп хабарлайды DKNews.kz.

1 ақпанда сағат 18.50 шамасында әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Дамир Валеев пен патрульдік қатардағы жауынгерлер Санжар Ауған мен Жасұлан Мурсетуллдан тұратын әскери жасақ автобус аялдамасында өзін нашар сезінген қызды байқады.

Есінен танып қалған қызды автобустан түсіріп, аялдамаға отырғызған. Әскери жасақ оқиға туралы патрульдік топтың бастығы кіші сержант Ертай Тұрлыхановқа баяндады. Содан кейін әскери жасақ қызға алғашқы медициналық көмек көрсете бастады.

- Мен бұл жерге келгенде біздің әскери жасақтың сарбаздары медициналық көмек көрсетіп, қыздың есін жинауға көмектесті. Белгілі болғандай, жәбірленушіде бронх демікпесі бар екен және асфиксияның алдын-алу үшін алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Осыдан кейін қыз дем ала бастады және бірте-бірте есін жинады, - дейді кіші сержант Ертай Тұрлыханов.

10 минуттан кейін жедел-жәрдем көлігі аялдамаға қыз баланың жағдайын одан әрі тексеру үшін келді. Алайда қыз ауруханаға жатудан бас тартты.

- Мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне ризамын, олар менің өмірімді сақтап қалды. Әскери қызметшілердің жылдам әрі үйлесімді іс - қимылдарының арқасында мен қазір жақсымын, - деп алғысын білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -