Шұғыл ден қою жасағының дайындығы тексерілді

1042

ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник Жәнібек Кәрімбаевтың басшылығымен ТЖ департаментінің жеке құрамы мен қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің қатысуымен шұғыл ден қою жасағының сапқа тұруы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

 

Белгіленген уақытта қалалық ұйымдар мен кәсіпорындардың негізінде құрылған азаматтық қорғау құралымдарының бөлімшелері мен техникасы жоғары дайындық сап түзеді. Осы іс-шараны өткізу барысында бөлімшелердің жедел келуі тексерілді, жауынгерлік қабілеті, жеке құрамның өз міндеттерін білуі бағаланды. 

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде авариялар, апаттар және басқа да ТЖ нәтижесінде зардап шеккендерге уақытылы көмек көрсетуге арналған техника мен жабдықтардың болуы мен жарамдылығына ерекше назар аударылды.

Бастықтың орынбасары әр қызметтің мақсаты бойынша іс-әрекетке дайындығы туралы баяндамаларын тыңдады. Сонымен қатар болуы мүмкін  су тасқынына жедел ден қою, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жасақтардың қатардағы жауынгерлерінің дайындығы мен жабдықталуына баса назар аударылды.  

Жәнібек Тұрлыбекұлы шұғыл ден қою жасағы жеке құрамының алдында сөйлеген сөзінде құрылымның ТЖ іс-қимылға дайындығына баға беріп, олардың деңгейін үнемі арттыру қажеттілігіне бағыттады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -