Енді азаматтар Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш бере алады

1039
Фотосурет: shutterstock.com

Әділет министрлігі Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік қызметтердің смартфондар арқылы қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әділет министрлігі Halyk Bank-пен бірлесіп Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш беру бойынша сервисін іске қосты. Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы қызметті алу үшін «Мемқызметтер» бөлімінде өтінішті толтырып, мемлекеттік баж (1 АЕК – 3 450 теңге) төлеуі және екінші қызмет алушы 48 сағат ішінде өтінімді растауы қажет.

15 күнтізбелік күн өткеннен кейін АХАТ органдары жас жұбайлардың қатысуымен неке қиюды тіркейді. Естеріңізге сала кетейік, бұл мерзім бұрын 1 айды құраған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -