Қызылорда облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті

1131

Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Қожаниязовтың төрағалығымен Сырдария өзенінің қазіргі ахуалы мен алдағы күндері ауа райының күрт өзгеруіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырыста ТЖД бастығы полковник Р. Қайрақбаев баяндама жасады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қызылорда облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті

Жиында тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді. 

Су тасқынының алдын алу мен жою мақсатында ТЖД жоғарғы көлемді су соруға арналған өтімділігі жоғары 28 бірлік техника, 12 бірлік моторлы қайық, 37 мотопомпа, 127 қызметкер әзірлікке келтірілді. Облыс аумағындағы су шаруашылығы нысандарына тікұшақпен бақылау жүргізу үшін тікұшақ дайындыққа келтірілді.

Қалыптасқан жағдайға байланысты су тасқыны жағдайының күрделенуі кезінде төтенше жағдайларды жою жөніндегі тиісті аумақтық жедел топтардың құрамдары мен ТЖД дағдарыс орталығында жедел штаб жұмысы құрылатын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -