Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл: Астанада Гала-концерт өтті

1129

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған Гала-концертке қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс - шараның басты жұлдыздары әлемдік деңгейдегі өнерпаздар - португалдық опера әншісі Сюзана Гашпар, сондай-ақ опера сахнасының белгілі майталмандары - Мария Мудряк пен Медет Шотабаев болды.

Еуропалық Одақтың елшісі Кестутис Янкаускас 30 жыл ішінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Сонымен қатар мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайту жалғасады.

Гала - концерт бағдарламасында А.Жұбановтың «Айттым сәлем, Қаламқас», Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» және т. б. музыкалық туындылар ұсынылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -