Оралда әскери кеңес өтті

1689

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығында әскери кеңес өтті. Әскери кеңеске  "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы  генерал-майор Арман Жумагалиев және "Батыс" өңірлік қолбасшылығының басқарма офицерлері қатысты. Сондай – ақ әскери кеңеске Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы генерал – майор Қайрат Ақтанов және өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердің командирлерімен олардың орынбасарлары видеоконференция режимінде қатысты.

Отырыс барысында генерал-майор Арман Жумагалиев Ұлттық ұлан жеке құрамының орындайтын міндеттерінің маңыздылығы артып келе жатқанын тілге тиек етіп, офицерлер мен сержанттардың әдістемелік шеберлігін үнемі жетілдіріп,  жауынгерлік қызмет пен жауынгерлік даярлық барысында жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтауды басты назарда ұстау керектігін айтты.

Бас қосуда алғашқы болып "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығы полковник Акбаров Нариман Алмабекұлы баяндама жасады. Баяндамада жауынгерлік қызмет пен жауынгерлік даярлыққа және офицерлермен сержанттардың кәсіби шебер болуына  ерекше назар аударды.

Келесі болып «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Ситников Павел Александрович өткен жылдағы әскери бөлімдердегі командирлік және жауынгерлік дайындықтың жай-күйі туралы кеңінен баяндап, 2023 жылдың 1 жартыжылдығына  арналған тапсырмаларды жеткізді.

Осыдан кейін "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік - құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Бақыт Алазов  "2022 жылғы әскери бөлімдердегі заңдылық пен әскери тәртіптің жай-күйі туралы және 2023 жылдың 1 жартыжылдығына  арналған тапсырмалар туралы баяндама жасады. Сондай – ақ жиында әскери бөлім командирлерінің баяндамалары тыңдалды.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы генерал – майор Қайрат Ақтанов Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің еліміздегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті. Сондай-ақ Ұлттық ұлан әскерінің алдына қойылған міндеттерді тиімді орындау үшін басқару органдарының жұмысын жетілдіру керектігін айтты.

Әскери кеңестің соңында жауынгерлік қызмет пен жауынгерлік даярлықтың және әскери бөлімдегі заңдылық пен әскери тәртіптің нәтижесі бойынша үздік деп танылған әскери бөлімдер "Батыс" өңірлік қолбасшылығының  қолбасшысының  дипломдарымен марапатталды.

Капитан,

Ертуған Әубакир

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -