Жамбыл облысында қауіпсіздік қағидасын сақтамаған екі балықшы мұз астына түсіп кетті

16390
Фотосурет: Depositphotos

Шу ауданында балық аулау кезінде екі балықшы мұз астына түсіп кетті. Оқиға 3 ақпанда күндіз Шу қаласынан 40 км жердегі Тасөткел су қоймасында болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

 Балықшылар жағалаудан 50 метр жерде отырған кезде мұз жарылып, адамдар судың түбіне кетті. Құтқарушылар бір адамның өлі денесін тез арада алып шықты, ал екіншісін іздеуге тура келді.

Бүгін таңертеңгі сағат 10-да құтқарушылар суға батып кеткен екінші адамның өлі денесін тауып алып, судан алып шықты. Мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан осындай қайғылы оқиғалар болады.

Қазақстанның ТЖМ азаматтарға қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.

Демалуға немесе балық аулауға шыққанда қарапайым қауіпсіздік шараларын есте сақтаңыздар. Құтқару кеудешелерін пайдаланып, өзіңізді қорғау қажет. Қарлы жерлер мен мұзға қараңғы уақытта бармаңыз, өйткені мұздың қалыңдығы белгісіз және бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -