Атырауда қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр

12144

Қала аумағындағы көшелерде және ауылдық округтердe жиылған қар үйінділерін тазарту және көктайғақтың алдын алу мақсатында жұмыстар қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Таңғы 02:00 ден бастап іске кіріскен қызметкерлер қарды тазартудан бөлек көпірлер мен әлеуметтік-қоғамдық орындарға арнайы ерітінділер себуде. Осы ретте, тазарту жұмыстарына 34 арнайы техника және «Арнаулы автобаза» мекемесінің 250-ге жуық қызметкер жұмылдырылды.

Нәтижесінде, 840 текше метр қар үйіндісі шығарылып, 48 тонна реагент себілді. Бұл жұмыстар жалғасын табады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -