Алматыда жаңа автобус маршруты ашылады

15851
Фотосурет: gov.kz

Қала маңындағы тұрғындардың өтініші бойынша 10 ақпаннан бастап жаңа №230 маршрут іске қосылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ақсай-1 шағын ауданы аялдамасынан шығып, Төле би көшесі – Момышұлы көшесі – Райымбек даңғылы – Шымкент/Алматы тас жолы – Абылай хан даңғылы – Қаскелең қаласына дейін барып, әрі қарай айналма жолдан бұрылып, кері бағытта жүреді.

Желіде 10 автобус 13 минуттық жиілікпен қызмет көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -