Әкімдердің 2022 жылы қазақстандықтармен кездесулерінің қорытындысы

1238

2022 жылдың 2 жартыжылдығында әкімдердің халықпен 19,8 мыңға жуық кездесулері өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тұрғындар 33,4 мыңнан астам мәселе көтеріп, өз ұсыныстарын айтты:

  • Әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салу
  • Экология
  • Жолдарды жөндеу
  • Жер мәселелері және т.б.

Жергілікті атқарушы органдар 33,1 мың мәселенің шешімін тапты. Халық көтерген сұрақтарды шешу үшін жергілікті бюджеттен 485 млрд. теңге қажет. Керек қаржының 253,8 млрд. теңгесі немесе 52,3% бөлінді.

«Әкімдіктер орталық атқарушы органдар, ұлттық холдингтер және компаниялар деңгейінде шешілетін проблемалық мәселелердің тізімін қалыптастырды. Бұл тізім 62 сұрақты қамтиды. Мәселелердің басым бөлігі – республикалық бюджеттен қаражат бөлуді қажет етеді»,-деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Аталған тізімдегі сұрақтарды егжей-тегжейлі талдаудың қорытындысы бойынша:

  • 10 мәселе бойынша қажетті құжаттама дайын емес
  • 5 мәселені шешуге республикалық бюджетте 20,2 млрд. теңге қарастырылған
  • 13 мәселеге қатысты 61,2 млрд. теңге сомасында қаражат бөлу мүмкіндігі 2023 жылғы республикалық бюджетті нақтылау кезінде қаралатын болады
  • 14 мәселені шешу бойынша жұмыс мемлекеттік органдармен орындалуда
  • 18 мәселенің шешімі жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Сондықтан, оларға орталық мемлекеттік органдардан қолдау көрсетілмеді
  • 2 мәселе мемлекеттік органдармен шешілді

«2022 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша орталық деңгейде шешуді талап ететін 14 мәселе анықталды. Оның ішінде 5 сұрақтың шешімі орындалып, 6 мәселенің шешімі мемлекеттік органдардан талқылау барысында қолдау таппады. Шешімі ұзақ мерзімді талап ететін 3 мәселе қарастырылу сатысында»,- деп толықтырды ҰЭМ басшысы.

Жалпы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі әкімдер халықпен 28,3 мың кездесу өткізді. Онда 63 мың мәселенің басы ашылып, 47,6 мыңы шешімін тапты. Бұл 75,5% көрсеткішін құрайды.

Мәселелерді шешу бойынша жоғары көрсеткіш келесі облыстарда:

  • Ақтөбе облысы
  • Қостанай облысы
  • Алматы қаласы

Төменгі көрсеткіштер:

  • Алматы облысы
  • БҚО
  • Атырау облысы

Ә.Қуантыров Алматы қаласы әкімдігінің «ашық микрофон» принципіне негізделген белсенді кездесулерін, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігі мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен ай сайын өткізілетін азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізу тәжірибесін атап өтті.

«Бұл тәсілдерді басқа өңірлердің басшыларыда қолдануы қажет деп санаймын», - деді ол.

Сонымен қатар, халықпен кездесулердің қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі Іс-қимыл жоспарлары бекітіліп, әкімдіктердің ресми интернет-ресурсында жариялануы тиіс. Алайда, бұл тізбе 5 әкімдіктің сайттарында әлі жарияланбаған: ШҚО, СҚО, Павлодар обл, Ұлытау обл және Астана қаласы.

«Халық көтеретін мәселелерді шешу үшін кездесулер өткізуді жалғастырып, әкімдіктер мен орталық мемлекеттік органдар барлық деңгейдегі бюджет жобаларын қарау кезінде халық көтерген мәселелерді ескеруі қажет», - деп түйіндеді министр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -