Ұландықтар суицид жасамақшы болған әйелді құтқарды

8690

4 ақпанда Петропавлда сағат 20.10 шамасында Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері патрульдік-постылық қызмет өткеру кезінде Ш. Уәлиханов көшесінде тұрғын үйдің үшінші қабатының терезесінен секірмек болған әйелді байқады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ұландықтар аумақты дереу қоршап алып, азаматшаны құтқару үшін жедел шаралар қабылдады.

- Біз көшеде қызметте жүріп, тұрғын үйдің 3 қабатынан секірмек болған азаматшаның іс-әрекеті туралы хабардар болдық. Мен бұл туралы дереу әскери жасақ кезекшісіне хабарладым. 102-ге қоңырау шалып, уақытты созу мақсатында оны секіру туралы ойынан айнытуға тырысып, келісімге келдік. Осы кезде жұбайы оны пәтерге кіргізіп үлгерді, - деді патрульдік топтың бастығы қатардағы жауынгер Иван Шалавин.

Оқиға барысында азамат зардап шеккен жоқ, салдары мен себептері анықталуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -