Ұлытау облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінде кеңес өтті

779

Ұлытау облысы әкімінің төрағалығымен облыста су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінде кеңес өтті. ТЖД бастығы полковник Есен Байыров Ұлытау облысының аумағында 29 су тасқыны қауіпі бар елді мекен анықталғанын  айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қаражал қаласында Гацимбиллер көшесі бойындағы 2000 метр қашықтықта су ағызу арығы тазартылды.Жаңаарқа ауданы бойынша 3500 метр құрайтын дренаждық арна (су бұру каналы) салынды.

Бүгінгі таңда азаматтық қорғау жүйесінің 2023 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардан облыс тұрғындары мен аумағын қорғауды ұйымдастыру туралы өкімі жоспарланған іс-шаралар кешені әзірленді. Сонымен қатар, облыс аумағының барлық аймақтарды қамти отырып қауіпсіздік паспорты әзірленуде.

Ұлытау облысы төтенше жағдайлар жою жоспары дайындалуда. Су тасқыны кезенінде жұмылдыратын күш құралдарының толық дайындық барысы «Көктем 2023» республикалық командалық оқу жаттығу барысында тексерілетін болады.

Төтенше жағдайларды дер кезінде алдын алу және оларды жою мақсатында жұмылдырылатын күш құралдардың дайындығы туралы шынайы ақпаратты және толық мәліметтерді алдын ала жинап дайындық барысын, әзірлеу жұмыстарын қазірден бастап жасаған жөн.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -