Қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алып, оқ атудан Әлем кубогінің медальдық есебінде 1 орынға ие болды

811

Оқ атудан Қазақстан құрамасы рейтингтік Әлем кубогінде командалық бірінші орынды иеленді. Индонезия астанасы Джакартада өткен жарыста ел намысын 15 спортшы қорғады. Отандық спортшылар 11 медаль (3 алтын, 5 күміс, 3 қола) жеңіп алды. Жалпы әлемдік додаға 32 елден 350 спортшы қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Чемпиондық атаққа Никита Чирюкин мен Арина Алтухова және құрамында Александра Ле, Елизавета Безрукова, Анастасия Григорьева өнер көрсеткен әйелдер құрамасы ие болды.

Айта кетейік, Индонезиядағы Әлем кубогі рейтингтік жарыс болғандықтан, оның қорытындысы бойынша ұпайлар үлестіріліп, командалар ISSF кестесінде көтеріледі. Демек, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының лицензияларын иеленуге мүмкіндік беріледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -