28237 әскери бөлімінің құтқарушылары қашанда көмек көрсетуге әзір

986

Бүгінгі таңда күнделікті сағат 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейінгі уақытта ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамы және арнайы техника Алматы облысы Жамбыл ауданындағы елді-мекендердегі су басу қаупін алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жұмыстарды жүргізу барысында бөлім жеке құрамы елді мекендердің өзендерінің арнасын судың ағып өтуіне кедергі келтіретін мұздардан және арық жүйелерін тазалауды жүргізуде. 

Сондай-ақ әскери бөлім жеке құрамы Алматы облысы Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлестікте өзен арналарын тазалау және олардың жағаларына үйілген бөгетшелер мен қалқаншалар жасау, сонымен қатар құм толтырылған қаптармен бөгетшелер жасау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған іс-шаралар Алматы облысы Жамбыл ауданының елді-мекендеріндегі су басу қаупін едеуір төмендетті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -