Олжас Ордабаев БАҚ өкілдерімен қазақстандықтардың жұмыспен қамтылуын қолдау шараларын талқылады

703

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев «галстуксіз кездесу» барысында журналистермен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің проактивті форматын жүзеге асыру, қазақстандықтардың кәсіпкерлік бастамаларын жылдық 2,5%-бен шағын несиелендіру және 400 АЕК (1 380 мың теңге) мөлшерінде мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғандықов қатысты.

Өз сөзінің басында Олжас Ордабаев журналистерге жастарға микрокредит беруді ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстарының барысы туралы ақпарат берді.

Бекітілген Қағидаларға сәйкес кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын, ДК ретінде тіркелу мерзімі 5 жылдан аз болатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар микрокредит алуға үміткер бола алады.

Микрокредиттер беруді үздік бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның шешімі негізінде сенім білдірілген агент –«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% - дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы-кепілмен қамтамасыз етудің міндетті шартымен 5 млн теңгеге дейін.Несиелеу мерзімі мал шаруашылығын қоспағанда, кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін. Ал бұл қызмет бағыты үшін – 7 жылға дейін.

Сондай-ақ негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.

2023 жылға арналған республикалық бюджетте жастарға микрокредит беру тетігін іске асыру үшін 29 млрд теңгеден астам қаражат көзделген, бұл 5,8 мыңнан астам жас азаматтарға кредит беруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар вице-министр кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде ұсынылатын айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант алу мүмкіндігі туралы айтты. Қаражат қайтарымсыз негізде жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін беріледі.

«Business.enbek.kz порталында 2023 жылғы 20 ақпаннан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға бірінші ағын бойынша өтінімдерді қабылдау басталады. Республика бойынша бірінші ағын шеңберінде 2,5 мың грант беру жоспарлануда. Ағымдағы жылы барлығы 4 ағын болады, оның шеңберінде 9 мың грант беріледі», – деп толықтырды сөзін Олжас Ордабаев.

Тіркелген жұмыссыздар мен жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін) мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • «қандас» мәртебесі бар адамдар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар;
  • аз қамтылған отбасылардың мүшелері;
  • көп балалы отбасының мүшесі (жұбайы/зайыбы);
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
  • асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Сондай-ақ үміткердің соңғы үш жыл ішінде алған «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздері бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификаты болуы тиіс.

Өз кезегінде Дәулет Арғандықов азаматтарды белсенді форматта жұмыспен қамту шараларын көрсету туралы айтты. Қазіргі уақытта SMS-хабарламалар арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабардар етілетін жұмыссыз жастарды анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

«13 ақпанда 23-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар арасынан 12 мыңға жуық азаматқа хабарлама жіберу жоспарлануда. SMS олардың барлығына бір уақытта жіберіледі және жұмыс іздеу, тегін оқудан өту мүмкіндіктері және жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы ақпаратты қамтиды», – деді ол.

Жалпы, әрбір қазақстандық «Enbek.kz» порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе call-орталығы 1414 арқылы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңестер ала алады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -