Қазақстан 2022 жылы 7 елге 10 жаңа әуе бағытын ашты

726
Фотосурет: Gettyimages.ru © Oli Kellett

Енді қазақстандықтар Милан (Италия), Ираклион (Грекия), Нячанг (Вьетнам), Кувейт (Кувейт), Анкара (Түркия), Маэ аралы (Сейшел аралдары) мен Түменге (Ресей) тікелей қатынай алады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Telegram-арнасы.

Жаңа бағыттардың ашылуы елге шетелдік туристердің көптеп келуіне де оң әсер етті. Мысалы, өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты.

«Қазір Туризм комитеті жаңа әуе бағыттарын ашу бойынша жұмыс істеп жатыр. Ұйымдастыру шаралары аяқталған кезде біз жұртшылықты хабардар етеміз. Тікелей рейстердің ашылуы еліміздің туристік тартымдылығын арттыратыны сөзсіз. Мысалы, былтыр Атырау облысына барған туристер саны 3,5 есе өскен. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетіне де байланысты. Қазақстанға келген әрбір 4-ші турист Алматы қаласына барады. 2022 жылы оңтүстік астанамыз 1,2 млн. астам турист қабылдаған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Еліміздегі тау шаңғысы курорттарына келген туристер саны 1,5 миллионға дейін жетті. Жыл сайынғы өсім 20% құрады. Еліміздегі тау шаңғысы туристерінің саны жағажай туристерінің санымен теңесті» Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -