Түркияға гуманитарлық көмек ретінде бір миллион доллар бөлінді – Үкімет Қаулысы

833
Фотосурет: Gov

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлінді. ҚР Үкіметі 2023 жылғы 8 ақпанда тиісті Қаулыны қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Қаржы министрлігіне ҚР және басқа мемлекеттердің аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің төтенше резервінен ҚР Сыртқы істер министрлігіне бір миллион АҚШ долларын бөлу тапсырылды.

Өз кезегінде сыртқы саяси ведомство заңнамада белгіленген тәртіппен аталған қаражатты түрік тарапының арнайы шотына аударуға тиіс. 

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -