Түркияда жоғалған отандастарымыз туралы жақсы жаңалық

1006
Фотосурет: edition.cnn.com

Ү.ж. 7 ақпанда ҚР СІМ «жедел желісіне» 4 дос жер сілкінісінен кейін байланысқа шықпайтыны туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Олардың үшеуі ҚР азаматтары, ал төртіншісі Түркия азаматы. Жоғалған жастардың соңғы орналасқан жерін туыстарынан біліп, біздің дипломаттарымыз дереу түрік билігіне хабарласты.

Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Ішкі істер министрлігінің басшылығымен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде Хатай провинциясының Антакья қаласындағы аталған мекен-жай бойынша құтқарушылар тобы жіберілді. Қазір отандастарымызды соңғы рет көрген үйде іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда.

Әзірше Сабина Мамадьярова мен олардың түрік досы Кубилай Кескин табылды. Екеуі де аман-сау, оларды дәрігерлер тексеруі керек. Жұмыс жалғасуда. Қалған жігіттер де аман-есен табылады деп үміттенеміз.​​​​​​​

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -