Алматыда реставрация және консервация орталығы ашылды

690

Алматыда Ғылым ордасында «Реставрация және консервация орталығы» ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты, деп хабарлайды ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ғылыми орталықтың елімізде аналогы жоқ, ол Германия, Италия, Ресей, Қытай, Жапония елдерінен жинақталған 65 заманауи құрал-жабдығымен қамтамасыз етілген.

Орталық бес бөлімнен тұрады: химиялық лаборатория, реставрациялық бөлім, түптеу және карантин бөлімі, ғылыми-зерттеу, фотофиксация бөлімдері. Аталмыш бөлімдерде қағаз және өзге де материалдардың құрылымына, сия ерекшеліктеріне химиялық-микробиологиялық зерттеу жүргізу, кітаптар мен құжаттарды сақтауға арналған қышқылсыз картоннан жасалған микроклиматтық қораптарды жасау жұмыстары жүргізіледі.

Іс-шарада министр Саясат Нұрбек орталықтың маңыздылығы мен ғылым саласына қосар үлесін атап өтті.

«Кез-келген дамыған қоғамның басым бағыттарының бірі – білімді сақтап қалу. Бүгін Қазақстанда бірінші рет толық циклды, яғни кітапты өңдеп, тазалап, бес деңгейден өткізіп, мұқабасына дейін жасап шығаратын орталық ашылып отыр. Бұл орталықтың ғылым-білім саласына қосар үлесі зор. Сонымен қатар қазіргі таңда кадр дайындау мәселелерін де қарастырып жатырмыз» Саясат Нұрбек
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -