Қазақстан мен Иордания СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

774

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иордания Хашимит Корольдігі Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрі Айман Әл-Сафадимен елдер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылап, бірлескен жұмысты әрі қарай нығайту бойынша ой-пікірлермен бөлісті.

Қазіргі уақытта Иордания – Қазақстанның Таяу Шығыс аймағындағы маңызды серіктерінің бірі. Қазақстан мен Иордания арасында Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның бірнеше отырысы өтті. Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтіп тұрады.

Екі елдің ұстанымдары әлемдегі көптеген халықаралық мәселелер бойынша бір-біріне сәйкес келеді. Халықаралық ұйымдардың аясында өзара қолдау көрсетіліп отырады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -