Астанада Қазақстан-Моңғолия қатынастарының мәселелері талқыланды

10021

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Дорж Баярхуумен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму болашағын талқылады.

Сұхбаттастар өзара сауда өсімінің оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті, оның көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп, 104 млн АҚШ доллардан асты.

Қ. Тумыш жоғарғы және жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды сақтаудың және екі ел арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастығын белсендірудің маңыздылығын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -