Жылжымайтын мүлік иелерін басқарудың жаңа түріне ауыстыру жоспарлы түрде жүргізіліп келеді

969
Фотосурет: pixabay.com / wal_172619

Елімізде 46 714 көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа түрлеріне ауыстырылуы тиіс. Қазір оның 45 345-і немесе 97,1 пайызы басқарудың тың түріне көшіп үлгерген, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәселен, қазір еліміздің 18 өңірінде, атап айтқанда Алматы, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облысы мен Шымкент қаласында басқарудың жаңа тетігіне ауысу бойынша жұмыс толығымен аяқталды.

Демек көзделген жоспарды аяғына дейін жеткізу үшін қалған 2 өңірдегі (Астана және Алматы қалалары) 1 369 көппәтерлі тұрғын үйді немесе 2,9%-ын басқарудың жаңа жүйесіне ауыстыруды қамтамасыз ету қажет.

Бұл ретте жуырда Алматы облысындағы көппәтерлі тұрғын үйдің барлығы кондоминиумның нысаны ретінде жоғарыда аталған басқарудың түріне толықтай көшірілгенін айта кеткен орынды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -