Әскери колледж кадеттері оқушылармен кездесті

1675

Аягөз гарнизоны артиллериялық әскери бөліміне тағылымдамадан өтуге келген Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж кадеттері қалалық қазақ-мектеп лицейінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған шараға 10181 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ержан Қошқаров, кадеттер Даниал Ахат пен Марсель Арсланов және әскери колледж мамандары қатысты.

Кездесу барысында спикер болған кадеттер оқушыларға оқу орнының тарихы, оқу-материалдық базасы жайлы жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, әскери колледж туралы арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тиісінше жауаптарын алды.

- Біздің мақсатымыз оқушылармен кездесе отырып, артымыздан ерген бауырларымызды өз елдерінің патриоты болуға, Отанын қорғауға шақыру болды,- деді кадет Даниал Ахат.

Айта кетейік, Щучинск қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжін бітірген түлектерге техникалық және кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом, «В», «С» санатты автокөлік жүргізушінің сертификаты және 3-сыныпты «БМП механик-жүргізушісі» біліктілігі беріледі

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -