Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді

1368

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қатысушылар көлік, мұнай өңдеу және ақпараттық коммуникация салаларындағы кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелерін талқылады.

Комиссия төрағасы Әлихан Смайылов уәкілетті органдарға қаралып отырған активтерге қатысты тексеру іс-шараларын жалғастыруды, сондай-ақ олардың кейбіреулерін жеке меншікке берудің заңдылығы тұрғысынан аудит жүргізуді тапсырды.

Бұдан басқа, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай өңдеу кәсіпорындарына логистикалық және сервистік қызметтер көрсететін доминант компаниялардың тарифтерін реттеу жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов ел заңнамасына сәйкес қажетті рәсімдерді тездетіп аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының, «ҚазМұнайГаз» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанияларының басшылары қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -