Мәдениет және спорт министрі Испания елшісімен Қазақстанда беделді Moto GP турнирін өткізу мәселесін талқылады

966

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Испанияның Қазақстандағы елшісі Хорхе Урбиоламен кездесті. Кездесуде екі мемлекеттің өзара қарым-қатынасы, сондай-ақ Алматыда жол-айналма мотожарысынан Moto GP - әлем чемпионатының кезеңін өткізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Асхат Оралов спорттық дипломатия елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, туристерді көптеп тартатынын атап өтті.

«Мұндай жобалар туристерді тартудың тамаша мүмкіндігі және елдер арасындағы достық қарым-қатынастың көпірі болуы керек. Сонымен қатар, жарысты ұйымдастыру мемлекеттік бюджетке ешқандай да салмақ түсірмейді. Біз Испания Елшілігімен белсенді қарым-қатынас жасайтын боламыз» Асхат Оралов

Испания елшісі Moto GP — бұл басты және ең беделді мотоцикл жарысы екенін атап өтті. Турнирге әлемдегі ең мықты шабандоздар, сондай-ақ мотоцикл техникасының озық өндірушілері: Aprilia, Ducati, Honda, Suzuki, KTM және Yamaha қатысады.

«Бұл турнир «Формула-1» жарысынан кем түспейді және футболдан әлем чемпионаты мен олимпиада ойындарының қатарында тұр. Мото GP - 70 жылдық тарихы бар мотоцикл жарыстарының үш санатының ішіндегі ең танымалы. Оны бүкіл әлем бойынша 250 мыңнан астам көрермен тамашалайды, ал 40 мыңға жуық турист келеді. Зерттеулерге сәйкес, іс — шараны өткізгеннен кейін де 3-5 жыл ішінде жарыс орнына орта есеппен 5 миллионнан астам турист келеді. Бірлескен спорттық іс-шаралар мемлекеттер арасындағы қатынастарға ғана емес, елдің туристік имиджіне де оң әсер етеді» Хорхе Урбиола

Алматы Sokol race Track автодромының өкілі Владислав Степнов алаңның қонақтарды қабылдауға дайын екенін айтты.

«Sokol Race track автодромы 105 мыңға жуық адамды ыңғайлы орналастыра алады. Moto GP сияқты ауқымды іс-шараны өткізу біз үшін үлкен мәртебе. Қазіргі уақытта қос тарап — біз және испандық серіктестер осындай ауқымды іс-шараны өткізуге дайынбыз» Владислав Степнов
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -