Астанадан бір түнде 16 мың текше метрден астам қар шығарылды

1005

Елордада қала көшелерінің, жолдары мен алаңдарының қары мен мұзын күреу бойынша жұмыс тәулік бойы жүріп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оған күн сайын екі мыңға жуық жол жұмысшы жұмылдырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

9 ақпанға қараған түні қаладан 16 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 1 286 ауыр жүк көлеміне тең.

Бейсенбі күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына үш миллион текше метрден астам қар немесе 241 884 рейс шығарылды.

Сондай-ақ жолдар, тротуарлар және қала тұрғындары көп жүретін өзге де орындарға үнемі құм-тұз қоспасы себіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -