Асқақ ақын. Дара ақын. Бала ақын

1771

Кітапханада халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру мақсатына бағытталған «ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық жобасы шеңберінде Жамбыл облысы тұрғындары, әсіресе жастар арасында жергілікті әдебиет туындыларын оқу және насихаттау, өлке тарихын, табиғатын, әдебиетін насихаттау және мәдени мұрасын өркендету, жас ұрпақтың бойында өңірдің әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылығын дамыту, өңір әлеуетінің оқуға деген ықыласын көтеру, оқырман мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау мақсатында «Бір өңір – бір кітап» облыстық акциясы аясында поэзия әлемінде өзінің ерекше қолтаңбасын қалдырған танымал балалар ақыны Совет Әлімқұловтың шығармашылығына орай «Асқақ ақын. Дара ақын. Бала ақын» өлең-өрен кеші ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шараға Ардагер, журналист, Жамбыл облысы ардагерлерінің «Ғұмыр-Дария» газеті бас редакторының орынбасары, Совет Әлімқұлов атамызбен «Шұғыла» газетінде 20 жылға жуық әріптес болған Болат Жапаров, көсемсөзші-қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, ардагер жазушы Бекет Момынқұл, Қазақстан Жазушылар Одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры ақын, журналист, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Хамит Есаман, ақынның ұлы Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі», Жамбыл облысы әкімінің үш мәрте, Мәдениет және ақпарат министрінің екі мәрте «Құрмет» грамотасының иегері, белгілі қаламгер, сатирик-ақын Бақытжан Советұлы Әлімқұлов қатысты.

Сонымен қатар іс-шара барысында жазушыны тағы бір еске ала отырып, оның жастарды патриоттық тәрбиеге баулып, отансүйгіштікке тәрбиелейтін бір топ өлеңдерін Жамбыл ауданы, Аса ауылы Б. Момышұлы атындағы мектеп- гимназиясының оқушылары мен кітапхана қызметкерлері жазушының өлеңдерінен сыр шертті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -