Сотталғандарды медициналық куәландыру тәртібі өзгерді

801
Фотосурет: Depositphotos

Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылған сотталғандарды медициналық куәландыруды қазір өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының жанындағы арнайы медициналық комиссия жүзеге асырады, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 30 маусымдағы бұйрығымен жазасын өтеуден босату үшін негіз болып табылатын 38 аурудың тізбесі бекітілді. Бұл тізімге қатерлі ісіктер, бауыр циррозы, жіті бауыр функциясының жеткіліксіздігі, ойық жаралы колит, Крон ауруы және басқалар.

Әрбір ауру диагноздар тізбесінде болу тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар ағымның ауырлығы мен асқыну дәрежесі бойынша да қарастырылады.

Босатуға өтініш беру тәртібі ҚАЖ мекемесінің жанындағы медициналық көмекті қамтамасыз ететін медициналық ұйымда консилиумның кезең-кезеңімен өтуін қамтиды. Көрсеткіштер болған жағдайда аумақтық денсаулық сақтау басқармасының жанындағы арнайы медициналық комиссия жүргізеді.

Арнайы медициналық комиссияның құрамына облыстың және облыстық маңызы бар қаланың тәжірибелі мамандары кіреді. Арнайы медициналық комиссияның қорытындысы ҚАЖ уәкілетті органына жіберіледі.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету ҚР ІІМ қарамағынан жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау басқармаларына берілгенін айта кеткен жөн.

2022 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық денсаулық сақтау жүйесіне 16 медициналық бөлім мен 301 штат бірлігі, жыл басынан бері 63 медициналық бөлімге 1254 бірлік медицина персоналы берілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -