Жамбыл облысында биыл 191 нысанның құрылыс жобасы іске асады

1055

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов елді мекендерді ауыз сумен қамту, газдандыру және әлеуметтік нысандардың құрылысы мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев баяндама жасады.

2022 жылдың қорытындысымен ауылдарды ауыз сумен қамту көрсеткіші 92 пайызды, қалалар бойынша 92,4 пайызды құрады.

Барлығы 56 елді мекенді орталықтандырылған сумен қамту жоспарланса, оның 25-інде құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталмақ. 26 елді мекенге кешенді блок модульдерін орнату көзделуде.

2022 жылдың қорытындысы бойынша 274 елді мекен (73,9%) немесе 1029,3 мың адам (89,5%) көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. 2023 жылы 22 елді мекендегі 26 485 тұрғынды көгілдір отынмен қамту жоспарлануда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға қарай облыс тұрғындары сапалы ауыз сумен 100 пайызға қамтамасыз етілуі тиіс. Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді тездету қажет. Аудандар мен тиісті басқарма өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізбесе, нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Бұл мәселе бірінші рет талқыланып отырған жоқ. Қажетті құжаттарды дайындауда жайбасарлыққа салмаңыздар Нұржан Нұржігітов 

Аймақ басшысы жылу желілерін қайта жаңғырту жобаларын әзірлеудегі кемшіліктер үшін тиісті басқарма мен аудан әкімдіктерінің жұмысын сынға алды.

Басқосу барысында әлеуметтік нысандар құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау мәселесі де сараланды.

2023 жылы 191 нысанның құрылыс жобаларын іске асыруға 42,6 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 141 нысан ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек. 14 білім беру, 10 денсаулық сақтау, 17 спорт, 11 мәдениет нысанын салу жоспарлануда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -