Елордада Ынтымақ елді мекеніне қатынайтын қосымша автобус бағдары іске қосылды

1138
Фотосурет: pixabay.com

Астана қаласында Ынтымақ елді мекеніне қатынайтын қосымша автобус бағдары іске қосылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты City Transportation Systems-ке сілтеме жасап хабарлайды.

11 ақпаннан бастап қала маңына қатынайтын жаңа № 328 бағдары іске қосылады. Ол Ынтымақ ауылына да жүретін болады.

Жаңа бағдар Тілендиев даңғылындағы «Шұғыла» аялдамасынан «Ынтымақ» ауылына дейін қатынайды.

Бұл бағдарға «Iveco Daily» автобусы (1 бірлік) қызмет көрсетеді. Журу кестесі Instagram желісіндегі CTS парақшасында жарияланады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -