«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде

875
Фотосурет: АР

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңның негізгі мақсаттары – рәсімдерді егжей-тегжейлі реттеместен заңға икемділік беру, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, одан әрі цифрландыру есебінен сатып алу процесін оңайлату және сатып алулар бойынша бірыңғай платформа құру. Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатарынан жұмыс тобы құрылды. Бірлескен талқылаудың, сондай-ақ проблемалық мәселелерді анықтау тұрғысынан заңнамаға жүргізілген нәтижелер бойынша жаңа заңның негізгі тәсілдері әзірленді. Қазіргі уақытта заң жобасы реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының жобасы қоғамдық талқылауда» Дәурен Кеңбейіл
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -