Биыл Жасқайрат ауылынан 102 тұрғынға жер телімі беріледі

910

Осы жылы Қызылқоға ауданының Жасқайрат ауылынан тұрғын үй салу үшін жер беріледі, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгінде Ойыл ауылдық округінің орталығы Жасқайрат ауылынан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметовтің айтуынша, барлығы 102 жер телімі электр, газ, су желілерімен қамтылуда. Бұл үшін облыстық бюджеттен 153 миллион теңге қаралып отыр. Жер телімдері биылғы жылдың мамыр айына дейін берілетін болады.

Айта кетейік, Қызылқоға ауданында 30 мыңнан астам халық болса, Ойыл ауылдық округінде 2 300 тұрғын бар.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -