Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

1323

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Саурықов Мұрат Құттыбайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Саурықов Мұрат Құттыбайұлы 1981 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында туған.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін 2002 жылы «жол қозғалысын ұйымдастыру»,  2006 жылы «заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының жол қозғалысы қауіпсіздігі және жұмыстарды қабылдау бөлімінің бас маманы болып бастаған, аталған мекемеде 2013 жылға дейін еңбек еткен.

2013-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 2018 жылдың қаңтар-қазан аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2018 жылғы қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының   автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -