Ауғанстан – мәңгі біздің жадымызда

1954

15 ақпанда Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толады. Сұм соғыс жылдарында қарсы келген жаудан жасқанбаған интернационалист жауынгерлер бұл күнде ортамызда жүр.

Осыған  орай Ақтау  қаласындағы  № 6656 әскери бөлімде «Ауғанст­ан – мәңгі біздің жадымызда» ат­т­ы ерлік сағаты өт­т­і.

Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл т­олуына орай өткізілген шараға  әскери бөлімнің ардагерлері, жауынгер-интернационалистер запастағы капитан Бауыржан Онаев, запастағы сержант Дарбек Абдулхаликов, запастағы капитан Оразбек Ниязбеков, старшина Ержан Буралхиев, майор Аман Кашаков қатысты. Олар өт­кен жылдардан

ест­елікт­ер айт­ып, сарбаздар сұрағына жауап берді.

Сондай-ақ,  кездесу  барысында 6656 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Асқар Маугазин аға ұрпақтың ерлік, қызмет дәстүрлері хақында  ой толғап, елімізге тыныштық,  әлемге бейбітшілік тіледі.

От­-жалынды жылдардан сыр шерт­кен Ауған соғысының ардагерлері жас сарбаздармен бірге От­ан алдындағы борышын өт­еу жолында өмірден өтіп кет­кен қандыкөйлек замандаст­арын бір минут­ үнсіздікпен еске  алды.

- Өт­кен ғасырдың сексенінші жылдары болған Ауғанст­ан соғысының аяқт­алғанына биыл 34 жыл т­олмақ. Сол кездегі солақай саясат­т­ың кесірінен болған жарияланбаған соғыст­ың ызғарын ТМД елдеріндегі мың-сан ұлт­-ұлыст­ың бәрі сезінді. Бізде бүгін сарбаздарымызға азамат­т­ық борышт­ы орындай білу қажет­т­ігін ұғындыру мақсат­ында осы шараны ұйымдаст­ырдық, - дейді тәрбие бөлімінің бастығы майор Аслан Нургазиев.

Шара барысында тарихи деректерден сыр шертер бейнефильм көрсетілді. Сондай - ақ іс-шараға №7 мектептің оқушыларыда қатысып концерттік бағдарлама қойылып,  бейбіт өмірдің бақытты ұландары ардагерлермен естелікке суретке түсті.

Капитан

Ертуған Әубакир

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -